Сапар аясында Берлинде ГФР Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөздер жоспарланған.
Тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасын талқылайды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды компанияларының, қаржы және ғылыми институттарының жетекшілерімен, жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Президент Берлинде бизнес-форумға және Мюнхенде технологиялық бизнес-форумға қатысады.
үй Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Федеральдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды



























