«Қызылтас – Тасбақа» экопаркінің алғашқы кезеңінің ашылуы өтеді

2

5 қыркүйек күні сағат 10:00-де Талдықорған қаласының іргесіндегі «Қызылтас – Тасбақа» шатқалында экопарктің алғашқы кезеңінің ашылу салтанаты өтеді.

Іс-шара сағат 09:00-де Қызылтас саяжайындағы автобус аялдамасынан басталатын велошерумен бастау алады.

Ашылу аясында қатысушылар үшін шатқалдағы көне петроглифтерге экскурсия ұйымдастырылып, экологиялық акция, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі, этно-дефиле, ұлттық ойындар және басқа да мәдени-танымдық шаралар өтеді.

«Қызылтас – Тасбақа» экопаркін жаңғырту жұмыстары үш кезеңге жоспарланған. Қазіргі уақытта жобаның алғашқы кезеңі жүзеге асырылды. Алдағы уақытта экопарктің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту көзделген.

Жобаның негізгі мақсаты – тарихи-мәдени мұраны сақтай отырып, «Қызылтас – Тасбақа» шатқалын қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы демалыс орнына айналдыру, сондай-ақ Талдықорғанның туристік әлеуетін арттырып, отандық және шетелдік туристер үшін тартымды бағыт қалыптастыру.

«Қызылтас – Тасбақа» шатқалы – тарихи мұраларға бай бірегей аумақ. Мұнда сақ дәуіріне тиесілі қорымдар мен тасқа қашалған 2 мыңнан астам көне петроглиф бар.

Өтетін күні: 5 қыркүйек
Велошеру: 09:00
Экопарктің ашылуы: 10:00
Өтетін орны: «Қызылтас – Тасбақа» шатқалы

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз