ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің «Жас шекарашылар» үйірмесі мүшелерімен «Шекарашылардың жауынгерлік ерлігі мен батырлығы» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға шекарашылардың ел шебін қорғаудағы ерлігі мен батылдығы туралы айтылып, әскери қызметтің маңызы түсіндірілді. Кездесу барысында жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған пікір алмасу өтті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























