ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері Ақсу ауданы, Суықсай ауылындағы Ю.Гагарин атындағы №10 орта мектептің «Жас шекарашылар» үйірмесі мүшелерімен «Шекарашылардың жауынгерлік ерлігі мен батылдығы» тақырыбында сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушыларға шекарашылардың ел шебін қорғаудағы ерлігі мен қызметтік міндетті орындаудағы батылдығы туралы айтылып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























