Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен елордамызда «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда,- деп жазды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

Құрметті ақпарат саласының қызметкерлері! Баршаңызды кәсіби мерелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен Елордамызда «Журналистер Аллеясын» ашу жоспарлануда. Тегін интернетке қосылу мүмкіндігін қарастыратын аллея тілшілер қауымының шығармашылығын шыңдайтын жер ғана емес, бас қаламыздың барша тұрғындары мен қонақтары үшін де ең сүйікті орынға айналады деп сенемін.

Аллеяға өмірден өтіп кеткен журналистикадағы жарқын тұлғалардың есімдері жазылған арнайы ағаштар өсіріп, еске алу тақталарын орнатамыз. Сондықтан аллеяны ашу мерзімін көшет отырғызуға ең қолайлы кезең күз маусымына ауыстырдық.
Бұл бізге тағы бір бірегей жобаның аясында бас қосып, пікір алмасып, бірігіп игі іс атқаруға жол ашатын тамаша мүмкіндік болары сөзсіз, — деп жазды Аида Балаева.

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK