Байқаушыларға сайлау процесін бақылау бойынша семинар өтті

3

Талдықорған қаласындағы «Халық үні» байқаушылар тобының штабында байқаушыларға арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараға «Халық үні» байқаушылар тобының мүшелері, қоғам қайраткері, саясаттанушы Дос Көшім және саясаттанушы Нұргелді Әбдіғани қатысты.
Семинар барысында 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауында байқаушылардың атқаратын міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар сайлау процесі кезінде туындауы мүмкін түрлі жағдайлар, оларды заң аясында шешу жолдары және бақылау жүргізудің негізгі ерекшеліктері талқыланды. Қатысушыларға сайлау учаскелеріндегі жұмыс тәртібі, ескерілетін маңызды мәселелер жөнінде қажетті ақпарат беріліп, сарапшылар тарапынан практикалық түсіндірмелер жасалды. Семинарға 30 байқаушы қатысып, сарапшылардың тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін жоғары бағалады. Қатысушылар мұндай оқыту шаралары алдағы жұмысты тиімді ұйымдастыруға және сайлау процесін сапалы бақылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз