Қазақстан денсаулық  сақтау министрлігінің 2021 жылғы 4 маусымдағы коронавирусқа шалдыққандар туралы мәліметі бойынша, қазір елде 24 797 науқас ем алуда. Олардың ішінде 9 208 пациент стационарда, 15 589 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Сондай-ақ елде 572 науқастың жағдайы ауыр. Дәрігерлер 124 адамның жағдайын өте ауыр деп бағалайды. 75 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған. Сонымен қатар өткен тәулікте 1422 адамнан  жұқпалы дерт анықталып, 22 адам қайтысболған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK