Қазақстандағы білім беру жүйесі қандай болады: партиялар өз ұсыныстарын таныстырды

3

Сайлауалды науқан аясында саяси партиялар білімберу, еңбек нарығы, экология және өңірлік даму мәселелері бойынша ұсыныстарын таныстырды. Тиістібастамалар телевизиялық дебат барысында және сайлаушылармен өткен кездесуде көтерілді.

 

Сайлауалды науқан аясындағы партиялардыңқызметі

 

«Әділет» партиясының өкілдері мен Құрылтайдепутаттығына үміткерлері Қызылорда облысы жұртшылығымен кездесу өткізді. Басқосуға энергетика, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, білім беру, өнер және мәдениет салаларының өкілдері қатысты.

 

ЖСДП өкілдері Ақмола және Қарағандыоблыстарында сайлаушылармен кездесті. Көкшетауда№19 орта мектептің педагогикалық ұжымымен өткенкездесуде білім беру жүйесін дамыту, мұғалімдердіңеңбек жағдайы, мектептерді кадрмен қамтамасыз ету, білім саласы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және білім беру инфрақұрылымын жетілдіру мәселесіталқыланды.

 

«Байтақ» партиясының өкілдері Жамбыл, Ақтөбежәне Маңғыстау облысында, сондай-ақ Алматы қаласында бірқатар іс-шара өткізді. Тұрғындармен, жастармен және еңбек ұжымдарымен кездесудеэкология, қалдықтарды басқару, ауа сапасы, табиғиресурстарды пайдалану, коммуналдық инфрақұрылымдыдамыту, елді мекендерді абаттандыру және қаланыңжай-күйі сөз болды. Кездесулердің бірінде сайлауалдынауқанды өткізу, халықаралық байқау және сайлаупроцесін ұйымдастыру мәселесі де талқыланды.

 

Қазақстанның Халық партиясының өкілдері Атырау облысындағы Karabatan Utility Solutions LLC, Ұлытау облысындағы «Марал Нұр» ЖШС, ТүркістандағыSouthern Light Transit институтының еңбекұжымдарымен, сондай-ақ «Жансая» әлеуметтікорталығының қызметкерлерімен кездесті. Кездесубарысында әлеуметтік-экономикалық даму, жұмыспенқамту, халықты әлеуметтік қолдау, білім беру, денсаулықсақтау, әлеуметтік сала, тұрғын үй саясаты, еңбекжағдайы және өңірлік даму мәселесі көтерілді.

 

Павлодарда кәсіподақ белсенділерімен өткенкездесуде Құрылтай депутаттығына үміткер Евгений Миронов ЖСДП-ның кәсіподақтардың еңбек құқықтарынқорғаудағы рөліне қатысты бастамасына сын айтты. Оның пікірінше, еңбек дауы келіссөздер, сот талқылауыжәне еңбек төрелігі арқылы шешілуі тиіс.

 

«Ауыл» партиясының өкілдері «Есіл Су» филиалының ұжымымен кездесіп, сумен жабдықтау, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту, су ресурстарынпайдалану және коммуналдық саланы дамыту мәселесінталқылады.

 

«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдеріЖезқазған қаласында, сондай-ақ Ұлытау, Маңғыстау, Түркістан және Қарағанды облысында сайлаушыларменкездесті. Сонымен қатар Еңбекшіқазақ көпсалалыаудандық ауруханасының медицина қызметкерлеріменжеке кездесу өтті.

 

Партия өкілі Бек-Мұхамед Жаукебаев Respublicaпартиясының бағдарламасы мен кандидаттар тізімінеқатысты сын пікір білдіріп, оның салық саясаты мен шағын және орта бизнесті қолдау жөніндегі ұстанымыжеткілікті деңгейде нақтыланбағанын айтты. Бұған дейін «Ақ жол» партиясы да Салық кодексінің кәсіпкерліккеқолайсыз деп санайтын жекелеген нормаларынақатысты өз сынын білдірген болатын.

 

Respublica партиясының өкілдері Жамбыл облысындағы «Запчасть» АҚ, Тараз металлургия зауытыжәне «Алель Агро» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, зейнетақымен қамсыздандыру, өнеркәсіпті дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, электр энергиясыныңтарифтері, теміржол логистикасы, өнім өткізу, экспорт, импортты алмастыру және салық саясаты мәселесіқаралды.

 

Сонымен қатар Таразда партия өкілдерініңқатысуымен форум өтіп, онда өңірлік даму, әлеуметтікинфрақұрылым, туризм, инклюзия және Шақпақ-Баба асуында тоннель салу мәселелері талқыланды.

 

Теледебат: білім, еңбек және даму мәселелері бойынша партиялардың ұсынысы

 

«Әділет» партиясының өкілі Рауан КенжеханұлыOpenAI компаниясымен бірлескен бастама аясындаҚазақстандағы 160 мың мұғалімнің ChatGPT Edu білімберу сервисіне тегін қол жеткізгенін мәлімдеді. Оныңайтуынша, сервис оқу жоспарын, есептер мен басқа да жұмыс материалдарын әзірлеуге, сондай-ақ білім беру саласын басқарудағы талдау жұмыстарынапайдаланылуы мүмкін.

 

Сондай-ақ дебат барысында ол ғылым мен экономиканың өзара байланысына тоқталып, жоғары оқуорындарында технологиялар трансфертінің тетіктеріндамытудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама ғылым мен экономиканың ықпалдастығынкүшейтуге бағытталған.

 

ЖСДП өкілі Мақсұт Насибулов Қазақстанда жоғарыбілімнің қолжетімділігі мәселесіне тоқталды. Оныңайтуынша, мұндай модель бірқатар дамыған елдердеқолданылады. Дебат барысында модератор ұсынғанбастамада оны іске асырудың мерзімі, құны және нақты тетіктері көрсетілмегеніне назар аударды. Сондай-ақ Мақсұт Насибулов жоғары білімнің қолжетімділігінеқатысты партияның ұстанымын таныстырды.

 

Бұдан бөлек, ол мектептегі білім сапасы мәселесінкөтеріп, білімді бағалау тәсілдерін жетілдірудің және жоғары сынып оқушылары үшін бейіндік оқытумүмкіндіктерін кеңейтудің маңызын атап өтті.

 

«Байтақ» Қазақстан жасылдар партиясының өкіліАслан Байзаханов әлеуметтік желілер арқылы түскенкөрермен сауалына жауап бере отырып, экологиялықүдерістерді зерттеуде, қоршаған ортаның жай-күйінбағалауда және экологиялық деректерді талдаудаматематикалық талдау мен есептеулердің қолданылуытуралы айтты.

 

«Ауыл» партиясының өкілі Шахмардан Баймановауылды жерлерге жас мамандарды тартуға қатыстыұсынысын жариялады. Оның айтуынша, бастамаауылдық грантпен білім алған түлектерді өздерін оқуғажіберген елді мекендерге жұмысқа орналастырудыкөздейді. Сонымен қатар ол қолданыстағыбағдарламалар аясында жас мамандарға көтермежәрдемақы мен жеңілдетілген тұрғын үй несиелеріберілетінін атап өтті.

 

«Ақ жол» партиясының өкілі Дулат ТәстекейҚұрылтай жұмысы мен білім беру саласына қатыстыұсыныстарын таныстырды. Ол сөзінде бюджет қаражатының жұмсалуына парламенттік бақылаудыкүшейту, педагогтердің еңбекақысын арттыру және ғылыми-инновациялық жобаларды қолдау мәселелерінетоқталып, бұл бағыттың білім мен ғылымды дамытудағымаңызын атап өтті.

 

Respublica партиясының өкілі Мейрамгүл Мәдәліжасанды интеллектінің дамуына байланыстыМамандықтар атласын тұрақты түрде жаңартыпотырудың маңызын айтты. Оның сөзінше, бұл өзгерістер562 мамандыққа әсер етуі мүмкін, ал олардың бір бөлігіуақыт өте келе сұраныстан шығуы ықтимал.

 

Ұсынылған бастамалардың қатарында экономика қажеттіліктерін, жұмыс берушілердің сұранысын және түлектерді жұмыспен қамту мүмкіндіктерін ескере отырып, жасанды интеллектке қатысты жаңа бағыттардыенгізу мәселесі де көтерілді.

 

Сондай-ақ дебат барысында партия өкілдеріөңірлердегі білім беру жүйесін дамыту, ауылмұғалімдерін қолдау, мектеп пен балабақша құрылысынаинвестиция тарту, IT бағытын, жасанды интеллектініжәне ғылымның өндіріспен байланысын дамыту жөніндегі ұсыныстарын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз