Қазақстан Республикасы Президентінің Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді. Құрылтай – елдің стратегиялық даму бағытына қатысты өзекті мәселелер жан-жақты әрі ашық талқыланатын, қоғамдық пікір мен сарапшылардың кәсіби көзқарасы тоғысатын маңызды диалог алаңы. Бұл институт қоғам мен мемлекет арасындағы тиімді байланысты нығайтып, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне енгізуге мүмкіндік береді.
Сарапшылардың пікірінше, Құрылтай салмақты әрі негізді шешімдердің қабылдануына ықпал етіп қана қоймай, мемлекеттік саясаттың ұзақ мерзімді басымдықтарын айқындайтын беделді саяси және зияткерлік институт ретінде қалыптасуы тиіс. Онда экономикалық даму, әлеуметтік саясат, құқықтық реформалар, мәдениет, білім, ғылым, экология және ұлттық құндылықтарды сақтау секілді ел өмірінің маңызды бағыттары кеңінен талқыланады.Құрылтай депутаттарын сайлау – қоғамның саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Бұл үдеріс азаматтардың елдің қоғамдық-саяси дамуына белсенді қатысуына, өңірлердің өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешуге бағытталған бастамаларды қолдауға мүмкіндік береді. Сондықтан алдағы сайлау ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды саяси оқиға болып саналады.
Ақмарал Аман, қала тұрғыны





























