Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесімен қатар Талдықорған қаласының облыс орталығы мәртебесін алғанына 20 жыл. Сонымен бірге 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне байланысты Талдықорған қаласының әкімі Ержан Жасыбаев аймақтағы «Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесінің» және «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ержан Данабековке «Талдықорған қаласының Құрметті  азаматы» атағын табыс етті.

Осы орайда  Ержан Бәкірбайұлы жалпы азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтап, бірлестік төрағасының осыған дейін атқарған істерін жоғары бағалап, ізгі тілегін жеткізді. Ержан Сүлейменұлы 1963 жылы 9 наурызда Алматы облысында дүниеге келген. 18 жасында әскер қатарына шақырылып, азаматтық борышын Ауғанстан жеріндегі сұрапыл соғыс майданында өтеген. Ел мен жердің тұтастығын қорғау жолында ерлігімен танылған азамат бүгінде өңірдің өркендеуіне өз үлесін қосып келеді.

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK