ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының Достық шекаралық бақылау бөлімінде қатардағы жауынгер Абылай Бақдәулетов әскери борышын абыроймен өтеп келеді. Жас сарбаз қызмет барысында тәртіптілігімен, жауапкершілігімен және белсенділігімен ерекшеленіп, жауынгерлік даярлық пен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуда.
Әскерге дейін мобилограф болып еңбек еткен Абылайдың тәжірибесі бүгінде бөлімнің ақпараттық жұмысына да пайдасын тигізіп отыр. Ол әскери қызметтің күнделікті тыныс-тіршілігін фото және бейне арқылы насихаттауға үлес қосып келеді.
Жас шекарашы үшін әскери қызмет – жауапкершілік пен табандылық мектебі. Абылай Бақдәулетов Отан алдындағы қасиетті борышын адал атқарып, ел сенімін ақтауға бар күш-жігерін жұмсауда.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті
























