Шекарашы шаңырағындағы өнегелі тәрбие

10

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Арасан» шекара бөлімшесінің топ басшысы, сержант Марат Мұхатаев мемлекеттік шекараны күзетудегі жауапты қызметімен қатар, бес баланы тәрбиелеп отырған өнегелі әке. Жұбайы Дина Жампеисовамен бірге перзенттерін Отанды сүюге, еңбекқорлыққа, білімге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулып келеді.

Мұхатаевтар отбасының балалары оқу мен қоғамдық өмірде үздік нәтижелерімен ерекшеленуде. Әсіресе тұңғышы Аружан республикалық білім додаларында жеңімпаз атанып, «Үздік оқушы – 2023» төсбелгісімен марапатталған. Бұл – ата-ананың берген тәрбиесінің жарқын жемісі.

Мұхатаевтар әулеті – Отанға адал қызмет пен өнегелі ұрпақ тәрбиесін қатар ұштастырған үлгілі отбасы. Мұндай шаңырақтар елдің бірлігі мен болашағының берік негізі саналады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз