1986 жылдың 26 сәуірі бұрынғы кеңестік  елдер үшін қаралы күн болып есімізде қалды.  Чернобыль атом электр  стансасындағы жарылыс  мыңдаған адамның өмірін қиды.  Қаншама отбасына ауыр қайғы әкелді. Орны толмас қасірет әкелген  апатына биыл 35 жыл толып отыр. Кеше  Талдықорғандағы Ардегерлер үйінде  Чернобыль апат аймағында болып оның зардаптарын  жоюға қатысқан талдықорғандық ардагерлермен шара өтті. Қазіргі карантиндік талап ережелерін сақтай отырып өткізілген шараны қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлы ашты.

«Бүгінгі  басқосу Чернобыль апатының 35 жылдығына орай өткізіліп отыр.   Бұл айтулы күнге алдын ала  бірқатар шаралар болады деп жоспарланғанмен, карантиндік талаптарға орай тоқтатылып тұр.  Өткенде қала әкімдігі мен қалалық мәслихат, « Nur Otan» партиясы қалалық филиалы, қоғамдық бірлестік  осы  апат зардаптарын жоюға қатысқан ардагерлердің біразының үйіне барып, қал-жағдайларын біліп  қайтқан еді.   Мұның бәрі  сіздердің адамзат алдындағы әскери және отаншылдық борышын ар-намыспен атқарған  жауынгер-залалсыздандырушылардың жанкешті ерлік еңбегін  ұмытпау  мақсатында жүзеге асуда. Сондай-ақ,  Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады. Бейбіт өмірімізде  еңбек етіп  жүрген  ардагерлерге амандық тілеймін»,- деді Әділет Рымтайұлы.

Апат зардабын жою жолында жүз мыңдаған сарбаз аттанды. Олардың біразы шейіт болса, қайтып оралғандары  денсаулықтарынан айырылды.   Чернобыль ардагерлері мен қоғамдық ұйымдарымен мүгедектері, үйлестіру кеңесі төрағасының бірінші орынбасары  Хұсаин Мұстафа 2006 жылдан бері атқарған жұмыстары жөнінде айта келіп, облыстық ұйымның  төрағалығына жаңадан сайланған  Ержан Омаровты таныстырды. Ұйым жұмысына көңіл бөліп, қажет жағдайда көмектесетін қала әкімдігіне және қалалық ішкі саясат бөліміне өз алғыстарын білдірді.

Шара барысында ардагерлерге қала әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, аталмыш ұйым атынан  «Чернобыль апатына-35 жыл» деп мемлекеттік тілде жазылған төсбелгі мен Алғыс хатты да қарт сарбаздар иеленді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK