Жаз мезгілінде күннің қатты ысуына байланысты жабық автокөлік салонындағы ауа температурасы бірнеше минут ішінде-ақ қауіпті деңгейге дейін көтеріледі. Бұл әсіресе балалардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.
Осыған байланысты ТЖМ ата-аналар мен жүргізушілерге келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:
— балаларды автокөлікте қараусыз қалдырмаңыз, тіпті қысқа уақытқа болса да;
— көліктен шығарда баланың өзіңізбен бірге түскеніне міндетті түрде көз жеткізіңіз;
— көлік есіктерін әрдайым құлыптап, кілтті балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз;
— аздап ашық тұрған терезе көлік ішіндегі температураны төмендетпейтінін есте сақтаңыз;
— көлікте жалғыз қалған баланы байқасаңыз, дереу 112 қызметіне хабарлаңыз немесе баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдаңыз.
Есіңізде болсын: сырттағы ауа температурасы 30–35°С болған жағдайда көлік салонындағы температура небәрі 10–15 минут ішінде 50–60°С-қа дейін көтерілуі мүмкін. Мұндай жағдайда баланың ағзасы қатты қызып, өміріне қауіп төнеді.
Балалардың қауіпсіздігі – әрбір ересек адамның жауапкершілігі.
Дереккөз: ҚР Төтенше жағдай министрлігінің ресми сайты





























