Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда кезек ретімен үй алу мәселесі бойынша жүгінген талдықорғандық А.Зиядановаға «Отбасы банк» АҚ өкілі тарапынан мәселенің шешімі заң аясында түсіндірілді. Сол сияқты Ж. Бурабаева Панфилов ауданының бірқатар мәселелерін жеткізді. Оның көтерген елді мекендердің жолдарын жөндеу, жарық шамдарын орнату, саябақты абаттандыру, ағаш отырғызу т.б. айтылған мәселелердің барлығы бойынша Әлібек Жақанбаев жауапты мекемелердің мамандарынан арнайы жұмыс тобы құрылатынын және әрбір мәселе зерделеніп, заң аясында қабылданған шаралар туралы өтініш иесіне жауаптары берілетінін айтты.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз