Қазақстанның медиа саласының дамуы: институционалдық жаңғыру және ақпараттық кеңістікті нығайту

4
Screenshot

Соңғы жылдары Қазақстанның бұқаралықақпарат құралдары саласы ақпараттықкеңістіктің цифрлық трансформациясыныңжаһандық үрдістеріне сәйкес келетін жәнеұлттық медиа жүйені нығайтуға бағытталғанмемлекеттік саясаттың дәйекті іске асырылуынкөрсететін институционалдық жаңғырукезеңінен өтуде.

Саланың дамуы нормативтік-құқықтықбазаны жетілдірумен, халықаралық ақпараттыққатысуды кеңейтумен, цифрлықинфрақұрылымды жаңғыртумен, журналистерқауымдастығын қолдаумен және отандықмедиаконтенттің бәсекеге қабілеттілігінарттыруға жағдай жасаумен қатар жүруде.

Қазақстандық бұқаралық ақпаратқұралдарының халықаралық деңгейдегіқатысуын кеңейту мемлекеттік саясаттыңбасым бағыттарының бірі болып қала береді. Ұлттық телерадио компаниялары шетелдегітілшілер желісін жүйелі түрде дамытып, халықаралық күн тәртібіндегі оқиғалардыжедел жариялап қана қоймай, Қазақстан туралыобъективті ақпараттың шетелдік аудиторияғакеңінен таралуына ықпал етуде.

Атап айтқанда, Qazaqstanтелерадиокорпорациясының еліміздің барлықөңірлерінде жұмыс істейтін 20 меншікті тілшісіжәне АҚШ, Бельгия, Ұлыбритания, Түркия мен Ресейде орналасқан шетелдік тілшілерқосындары бар. Өз кезегінде 24KZ ақпараттықтелеарнасы әлемнің тоғыз елінде, оның ішіндеЕуропа, Азия, Солтүстік Америка және ТаяуШығыс мемлекеттерінде тұрақты тілшілікжелісін қалыптастырған. Сонымен қатартелеарна Малайзия, Грузия жәнеҚырғызстандағы штаттан тыс тілшілермен де ынтымақтастық орнатқан.

Сонымен бірге қазақстандықтелеарналардың халықаралық хабар таратугеографиясы кеңейіп келеді. Jibek Jolyхалықаралық телеарнасының сигналы бүгіндеспутниктік, кабельдік және цифрлықплатформалар арқылы әлемнің 100-ден астамелінде қолжетімді. Ал 24KZ телеарнасыҚазақстанмен қатар Қырғызстан мен РесейФедерациясының аумағында ресми хабар таратады.

Қазақстан медиа нарығының жаһандықақпараттық кеңістікке ықпалдасуыныңмаңызды қадамы ретінде Астана қаласындахалықаралық Euronews телеарнасының өңірліккеңсесінің ашылуын атап өтуге болады. Осы ынтымақтастық аясында алғаш рет EuronewsAcademy білім беру бағдарламасы іскеқосылып, қазақстандық журналистердің кәсібибіліктілігін арттыруға арналған тренингтер мен шеберлік сабақтары ұйымдастырылуда.

Соңғы жылдардағы маңызды өзгерістердіңбірі – медиа саласындағы заңнаманы кешендіжаңғырту болды. «Онлайн-платформалар жәнеонлайн-жарнама туралы» ҚазақстанРеспубликасының Заңы мен жаңа «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңықабылданып, ақпараттық саланың қызметінреттеудің заманауи құқықтық негізіқалыптастырылды.

Қабылданған заңнамалық өзгерістерцифрлық платформалардың даму ерекшеліктерін ескеріп, медиа нарығын реттеутетіктерін жетілдіруге, сондай-ақ сөзбостандығы қағидаттарын сақтай отырып, отандық бұқаралық ақпарат құралдарыныңдамуына қосымша жағдай жасауғабағытталған. Бұдан бөлек, жаңа Салықкодексінде отандық мерзімді басылымдар үшінқосылған құн салығының мөлшерлемесі 10 пайызға дейін төмендетіліп, баспа БАҚ-тыңқаржылық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндікберілді.

Медиа саласының дамуы журналистердіәлеуметтік қолдау шараларымен қатар жүзегеасырылуда. Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың бастамасымен соңғы үш жылдаАстана қаласында 200 отандық БАҚ қызметкеріжеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Бұлбағдарлама жалғасып, 2026 жылы еліміздіңәртүрлі өңірлеріндегі ақпарат саласының тағы66 қызметкеріне баспана беріледі.

Сонымен қатар журналистердің кәсібиеңбегін ынталандыруға ерекше назараударылуда. «Парламент сөзі» сыйлығының он жылдық тарихында 150-ден астам журналист лауреат атанып, олардың ұлттықжурналистиканың дамуына қосқан үлесіжоғары бағаланды.

Бүгінде Қазақстанның медиа жүйесіауқымы мен институционалдық даму деңгейіжағынан өңірдегі жетекші ақпараттықкеңістіктердің бірі саналады. Елде 5303 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оныңішінде 3181 мерзімді басылым, 253 телеарна, 97 радиостанция және 1457 ақпарат агенттігімен интернет-басылым жұмыс істейді.

Сонымен қатар екі тілде жұмыс істейтінақпараттық кеңістік қарқынды дамуда. Қазақжәне орыс тілдерінде қатар қызмет көрсететінбұқаралық ақпарат құралдарының саны 1600-ден асып, халықтың әртүрлі санаттарыныңақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуде.

Қазіргі медианың тиімді жұмыс істеуініңмаңызды алғышарттарының біріцифрлықинфрақұрылымның дамуы. Қазіргі уақыттацифрлық эфирлік телерадио хабарларынтаратумен қамту деңгейі 95 пайыздан асты. Интернеттің таралу деңгейі бойынша ҚазақстанОрталық Азия мемлекеттері арасында көшбастап келеді. Ел халқының 93,4 пайызыинтернет желісіне қол жеткізе алады, бұлөңірдегі орташа көрсеткіштен айтарлықтайжоғары.

Бұл көрсеткіштер цифрлық медианың оданәрі дамуына, онлайн хабар таратумүмкіндіктерінің кеңеюіне және отандықақпараттық контенттің қолжетімділігініңартуына қолайлы жағдай қалыптастыруда.

Ұлттық ақпараттық кеңістікке дегенқоғамдық сенімнің артуы да оң үрдістердің біріболып отыр. 2025 жылы «Қоғамдық және саясизерттеулер орталығы» қоғамдық қорыжүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, 18–65 жасаралығындағы тұрғындар арасында отандықақпараттық өнімге деген сұраныс 70,2 пайызданасты.

Сонымен қатар ұлттық бұқаралық ақпаратқұралдарына деген сенім деңгейі жоғарыкүйінде сақталуда. Тиісті ақпарат көздерінпайдаланушылардың 89 пайызыреспубликалық телеарналарға, ал 87 пайызықазақстандық интернет-ресурстарға сенімбілдіреді. Бұл ұлттық медиакеңістіктіңнығайып келе жатқанын және отандықақпараттық өнім сапасының артқанынкөрсетеді.

Әлеуметтанулық зерттеулер мемлекеттіксаясаттың жариялануына қатысты халықтыңқанағаттану деңгейінің де жоғары екенінкөрсетті. Ең жоғары көрсеткіштер білім беру (82%), көлік инфрақұрылымы (77%), ауылшаруашылығы (73%), экономика (73%), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағытөтенше жағдайлардың алдын алу мен олардыңсалдарын жою (71%) бағыттарында тіркелген.Бұл бұқаралық ақпарат құралдарыныңмемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарытуралы халықты ақпараттандырудағы рөлініңартып келе жатқанын білдіреді.

Цифрлық платформалардың қарқындыдамуына қарамастан, телевидение Қазақстандағы негізгі ақпарат көздерінің біріболып қала береді. 2025 жылғы зерттеунәтижелері бойынша көрермендер арасында еңтанымал телеарна – КТК (45%). Одан кейін«Первый канал Евразия» (42%) және «Хабар»(39%) орналасқан.

K Research компаниясының мәліметінесәйкес, рейтингі, аудитория үлесі жәнекөрермен саны бойынша алғашқы ондыққа«Первый канал Евразия», КТК, Qazaqstan, Astana TV, «31 арна», «Жетінші арна», НТК, «Мир», Jibek Joly және Qazsport телеарналарыенген.

Ұлттық медиа қауымдастығының деректеріде осы үрдісті растайды. 2025 жылдыңқорытындысы бойынша телевизиялық рейтинг пен аудитория үлесі бойынша көшбасшыларқатарында «Первый канал Евразия» (0,77% және 17,3%), КТК (0,54% және 12,23%), «Жетінші арна» (0,47% және 10,59%), «Мир» (0,37% және 8,35%), «31 арна» (0,35% және8%), Qazaqstan (0,35% және 7,98%), Astana TV (0,35% және 7,79%), НТК (0,35% және 7,78%), Balapan (0,15% және 3,38%) және Qazsport(0,12% және 2,77%) бар.

Бұл көрсеткіштер ұлттық телевизиялықконтентке деген тұрақты қызығушылықтыңсақталып отырғанын және цифрлықплатформалар тарапынан бәсекелестіктіңкүшеюіне қарамастан, қазақстандықтелеарналардың ақпараттық кеңістіктегіорнының берік екенін көрсетеді.

Жалпы алғанда, Қазақстанның масс-медиа саласының дамуы институционалдық, технологиялық және құқықтық негіздердіңжүйелі жаңғыртылуымен сипатталады. Іскеасырылып жатқан кешенді шаралар ұлттықақпараттық кеңістікті нығайтуға, отандықбұқаралық ақпарат құралдарының халықаралықдеңгейдегі қатысуын кеңейтуге, журналистердің кәсіби әлеуетін арттыруға жәнеқоғамның ұлттық ақпарат көздеріне дегенсенімін күшейтуге ықпал етуде. Бұл өзкезегінде жаһандық цифрлық трансформация жағдайында Қазақстанның медиажүйесініңтұрақты әрі сапалы дамуына берік негізқалыптастырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз