Жетісу облысында есірткі жарнамасын жою бойынша акция өткізілді

Текелі қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Жетісу облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының өкілдері бірлесіп есірткі құралдарын насихаттайтын жазулар мен граффитилерді анықтау және жою жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында заңсыз интернет-ресурстарға сілтеме жасайтын және есірткінің заңсыз айналымын насихаттайтын инфографикалар мен жазулар өшірілді. Мұндай ақпараттар көбіне жастарды есірткі қылмысына тартудың құралы ретінде пайдаланылады.

Бірлескен шараның мақсаты – есірткінің таралуының алдын алу, жастарды зиянды ықпалдан қорғау және қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыру. Әрбір жойылған жазу – заңсыз ақпараттың таралуына қойылған тосқауыл және жастардың қауіпсіз болашағына қосылған үлес.

Ұйымдастырушылар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға бейжай қарамаудың маңызын атап өтті.

Дереккөз: ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми интернет ресурсы

Жетісу облысында есірткі жарнамалары өшірілді

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз