101 келі есірткі тәркіленді

4

Жыл басынан бері облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына байланысты 79 құқықбұзушылық тіркелді. Оның 42-сі есірткі қылмыстары санатына жатады.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде есірткі заттарын өткізу бойынша 30, аса ірі мөлшерде сақтау бойынша 6, есірткіні жарнамалау бойынша 3, есірткі құралдарын өндіру бойынша 2 дерек анықталды.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында заңсыз айналымнан 101 келіден астам апиын тәркіленді. Олардың басым бөлігін марихуана мен гашиш құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз