Алакөл ауданында шырша көшеттерін отырғызу іс-шарасы өтті

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Достық» шекаралық бақылау бөлімінің аумағында абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау мақсатында шырша көшеттерін отырғызу іс-шарасы өткізілді.

Іс-шараға бөлімнің жеке құрамы белсенді қатысып, аумақты көркейту мен табиғатты сақтауға өз үлестерін қосты. Отырғызылған шырша көшеттері экологиялық жағдайды жақсартуға, табиғи байлықтарды көбейтуге және жасыл желекті дамытуға бағытталған.
Аталған шара әскери қызметшілер арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз