Алакөл ауданында «Мемлекеттік Рәміздер – ел мақтанышы» атты ауқымды іс-шара өтті

2

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы «Жетісу» шекара бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Достық ауылдық округінің әкімі Ермек Сейфиль-Мәлікұлы, ҚР құрметті азаматы, аудандық мәслихат депутаты Жайлаубай Тұрсынұлы, ҚТЖ ҰК АҚ Алматы магистралдық желі бөлімшесінің Достық станциясы бойынша директор орынбасары Жанат Құттыбайұлы, Достық станциясындағы көліктегі полиция бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары полиция майоры Қыбраев Дархан Қанатбекұлы, сондай-ақ мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында мемлекеттік рәміздердің ел тәуелсіздігі мен бірлігінің символы екені айтылып, қатысушылардың патриоттық рухын нығайтуға бағытталған тәрбиелік жұмыстар жүргізілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз