Көпбалалы аналар құрмет төрінде

3

Талдықорған қаласында көпбалалы аналарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара барысында қала әкімі Ернат Бәзіл демографиялық өсімге елеулі үлес қосып, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады.

Салтанатты жиында қала әкімі көпбалалы аналардың қоғамдағы ерекше орны мен отбасы институтын нығайтудағы маңызды рөліне тоқталды. Ол жас ұрпақтың саналы, білімді, тәрбиелі әрі отансүйгіш азамат болып қалыптасуында аналардың еңбегі өлшеусіз екенін атап өтті. Сондай-ақ, қала басшысы ұрпақ тәрбиесіне сүбелі үлес қосып жүрген алтын құрсақты аналарға алғысын білдіріп, олардың өнегелі өмір жолы мен тағылымды тәрбиесі кейінгі буынға үлгі екенін жеткізді. Ернат Дүйсенбекұлы «Ана шаңырақтың шуағы, ұрпақтың тәрбиешісі, қоғамның алтын діңгегі. Сіздердің төзім мен мейірімге толы еңбектеріңіздің арқасында еліміздің ертеңі кемелденіп келеді. Мемлекеттік марапат сіздердің өлшеусіз еңбектеріңізге көрсетілген лайықты құрмет», – деп атап өтті. Марапат иелері көрсетілген құрмет үшін ризашылықтарын білдіріп, мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың отбасы әл-ауқатын арттыруға және бала тәрбиесіне оң әсерін тигізіп отырғанын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз