ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы кәсіптік және техникалық дайындық бөлімінде «Көктем-2026» шақырылым сарбаздарының ата-аналарына арналған «Әскер ата-аналардың көзімен» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында ата-аналар сарбаздардың тұрмыс жағдайымен, оқу-дайындық үдерісімен және әскери қызметтің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, әскери қызметшілер ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, жас сарбаздардың даярлық деңгейі туралы ақпарат берді.
Шара ата-аналар мен әскери ұжым арасындағы өзара байланысты нығайтуға және сарбаздардың қызметіне деген сенімді арттыруға бағытталды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























