ТЖД судағы қауіпсіздікті сақтау ережелерін еске салады

Жетісу облысының аумағында судағы жаппай демалысқа арналған 4 орын белгіленген. Атап айтқанда: Талдықорған қаласының қалалық жағажайы, Алакөл ауданының Ақши және Көктұма жағалаулары, сондай-ақ Сарқан ауданындағы Балқаш көлінің жағалауы.

Суға шомылу маусымы ресми түрде биыл 1 маусымда басталады. Осыған орай тұрғындарға қарапайым қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз:

— тек рұқсат етілген және жабдықталған жағажайларда шомылу;

— балаларды су айдындары маңында қараусыз қалдырмау;

— мас күйде суға түспеу;

— буйкамен белгіленген қауіпсіздік аймағынан аспау;

— жүзу құралдарын (құтқару кеудешесі және т.б.) пайдалану;

— су қоймаларындағы ескерту белгілеріне назар аударыңыз.

Құрметті тұрғындар! Судағы қауіпсіздік – әр адамның жеке жауапкершілігі. Қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтау арқылы сіз өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін сақтай аласыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарлаңыз.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз