Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков Жетісу облысының тұрғындарымен, соның ішінде өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесті.
Іс-шараға сондай-ақ салалық басқармалар басшылары, қаржы институттарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары және егіс науқанының келешегіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге қатысушылар арасында мал шаруашылығын дамытуға арналған кешенді жоспар ерекше қызығушылық тудырды. Ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, 2026–2030 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру тетіктері қарастырылды. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мал сатып алу, мал шаруашылығы фермаларын салу және жаңғырту кезінде көрсетілетін қолдау шараларына қатысты сұрақтар қойды.
Жұмыс сапары аясында вице-министр азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Дереккөзі: Жетісу облысының ауыл шаруашылық басқармасы





























