Мемлекеттік қызметтің мерейі: Қарақат Сұлтанғалиеваның ғибратты жолы

19

Қарақат Құрмашқызы Сұлтанғалиева 1972 жылы 9 сәуірде Қарағанды облысының Тельман ауданында дүниеге келген. Оның мамандық таңдаудағы алғашқы қадамы 1987 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумынан бастау алды. 1990 жылы «Мемлекеттік кірістер» мамандығын үздік аяқтаған жас маман жолдамамен Текелі қаласына келіп, салық инспекциясында жетекші инспектор болып алғашқы еңбек жолын бастады.

Білім мен тәжірибенің ұштасуы Білімге деген құштарлығы Қарақат Құрмашқызын 2005 жылы Жетісу мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық факультетіне жетеледі. Ол өз саласында 8 жыл жетекші инспектор, 10 жыл бас инспектор лауазымдарын абыроймен атқарып, бүгінде бөлім басшысы деңгейіне дейін көтерілді. 30 жылдан астам еңбек өтілінде ол тек кәсіби маман ғана емес, нағыз тәлімгер ретінде қалыптасты. Оның тәрбиесін көрген шәкірттері бүгінде ел игілігі үшін түрлі салаларда қызмет етіп жүр.

Мінсіз бедел мен мемлекеттік марапат Қарақат Құрмашқызы — «Мемлекеттік қызметтің үздігі» төсбелгісінің иегері. Оның қажырлы еңбегі ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің және облыс, қала әкімдерінің көптеген Алғыс хаттарымен жоғары бағаланған.

«Мен үшін мемлекеттік қызмет — жай ғана жұмыс емес, бұл — халыққа қызмет етудің үлкен жауапкершілігі. Әрбір мәселеге терең үңіліп, әділ шешім қабылдау — басты ұстанымым», — дейді кейіпкеріміз.

Отбасы — бақыт мекені Қарақат Сұлтанғалиева қызметте қатал басшы болса, шаңырағында — мейірімді ана, асыл жар. Ол 1992 жылы ішкі істер саласының ардагері Асқар Төлегенұлымен отау құрып, ұлағатты ұл-қыз тәрбиеледі. Қызы Таңшолпан бүгінде Текелі қалалық ауруханасы директорының орынбасары, ал ұлы Махамбет — Семей медицина университетінің болашақ дәрігері. Бүгінде жиен немерелерінің қызығына кенеліп отырған аяулы жан — әулетінің берекесі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз