ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы қарасты «Үйгентас» шекара бөлімшесі аумағында мерзімді әскери қызметшілер арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара жеке құрам арасындағы бірлікті нығайту, ұжымдық рухты көтеру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтті. Жарыс барысында әскери қызметшілер өзара бақ сынасып, ептілік, төзімділік және командалық үйлесімділік қабілеттерін көрсетті.
Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, сарбаздар арасында өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға септігін тигізді.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























