Алматы қаласында өткен Қазақстан Жазушылар одағы дәстүрлі әдеби жыл қорытындысында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің әскери журналисі Манарбек Қарекенов Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды.
Манарбек Қарекеновтің Қазақстан Жазушылар одағы қатарына қабылдануы – оның әскери журналистика саласындағы еңбегіне берілген жоғары баға болып табылады. Сонымен қатар, бұл жетістік әскери-патриоттық бағыттағы шығармашылықтың маңыздылығын айқындай түседі.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























