Ең алғашқылардың бірі болып №404 референдум участкесіне келген 18 жастағы Мөлдір Болатбек алғаш рет дауыс берді. Ол азаматтық борышын орындап, елдің болашағына өз таңдауын жасады.
Мөлдірдің айтуынша, әрбір азамат өз таңдауы арқылы еліміздің дамуына үлес қосуы керек.
«Бүгін алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Ел болашағы әрқайсымыздың қолымызда, сондықтан белсенділік таныту маңызды» – деді Мөлдір Болатбек.





























