Талдықорғанда барлық референдум учаскелері өз жұмысын бастады

4

Бүгін елімізде Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде.

Облыс орталығы Талдықорған қаласында 136 834 сайлаушы үшін 68 дауыс беру учаскесі жұмыс істеуде.

Еске салайық, 136 мыңнан астам сайлаушының 578-і – алғаш рет дауыс беретін, яғни 18 жасқа толған азаматтар. Сонымен қатар олардың қатарында ғасыр жасаған 3 қария бар. Солардың ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері Ысқақ Құсайынов та бар.

Талдықорған қаласы бойынша аймақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділет Рымтаев:
– Талдықорған қаласында референдумға дайындық жұмыстары толық жүргізілді. Бүгін барлық 68 дауыс беру учаскесі белгіленген уақыт бойынша таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген және дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуіне барлық жағдай жасалған. Қала бойынша 136 мыңнан астам сайлаушы дауыс беруге қатыса алады. Біз тұрғындарды өз азаматтық ұстанымын білдіріп, референдумға белсенді қатысуға шақырамыз, – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз