Ағымдағы жылдың 13-23 наурыз аралығында бүкіл ел аумағында республикалық «Наурыз FEST» акциясы өтеді. Бұл ауқымды бастама мемлекет, бизнес және қоғамның күш-жігерін біріктіріп, қазақстандық өндірушілерді қолдауға, негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға және халық үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Жетісу облысында акцияға ірі сауда желілері мен сауда үйлері белсенді түрде қосылды: «TOIMART», «SMALL», «Magnum» (мкр. Қаратал, 20Б үй), «Шаған», «Еуразия», «Керуен», «Қарағаш», «ЦУМ», «Айзере», сондай-ақ минимаркеттер «Magnit» және «As-mart». Аймақ тұрғындары акцияның барлық артықшылықтарын пайдалана отырып, сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алып, қазақстандық өндірушілерді қолдай алады.
Сонымен қатар, «Наурыз FEST» акциясының негізгі мақсаты — отандық өнімдерді тұтынуды ынталандыру, жергілікті экономиканы қолдау және халық арасында сапалы қазақстандық тауарларды таңдауға деген дағдыны қалыптастыру. Акция барысында тұрғындар өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болып, өндірушілер өз өнімдерін нарықта кеңінен танытып, қолжетімділікті арттыра алады.





























