58 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтуде

150
Дереккөз

Өңірде биылғы жылы 32 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде, оның 23-і мектеп, соның 17-сі үш ауысымның орнына салынуда. Оған қоса 58 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 22,5 млрд. теңге бөлінді.

Облыс басшысының айтуынша, 1-ші қазанда алты мектеп пайдалануға берілді, жыл соңына дейін тағы екі мектеп пайдалануға беріледі, қалғандары 2021 жылы аяқталады.
Ескі автобустарды ауыстыру үшін мектептерге 1 млрд. теңгеге 70 автобус сатып алынды. Мектеп жанындағы 348 дәретханаларды жөндеу жүргізуге 1,3 млрд. теңге бөлініп, бұл мәселе толық шешілді.
Сондай-ақ Талдықорған қаласында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің және Қаратал ауданында колледждің жатақханалары іске қосылды.
Талдықорған қаласындағы медициналық және политехникалық колледждердің жатақханалары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жалпы өңірде 58 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 22,5 млрд.теңге бөлінді. Бұл жайында облыстық мәслихат сессиясында облыстың дамуы туралы есеп берген облыс әкімі Амандық Баталовтың баяндамасында айтылды.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK