Жыл қорытындысы: Жетісуда ет өндірісі 4,6%, сүт өндірісі 4,4% артты

Жетісу облысында өткен жыл қорытындысы бойынша мал шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 3,9% пайызға өсіп, 198,3 млрд. теңгені құрады, соның ішінде ет өндірісі – 4,6%, сүт өндірісі 4,4% пайызға  артты. Ал өңірде мал саны 2,3 млн басқа жуықтады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, мал басын ұлғайту мақсатында, өткен жылы «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 3,3 млрд. теңгеге 12,1 мың бас жылқы, ірі қара мен ұсақ мал сатып алынды.

— Бұдан бөлек, бордақылау аландарының жүктемелігін арттыру бойынша Аграрлық несие корпорациясы тарапынан 5% жеңілдетілген 2 жаңа несиелеу бағдарламасы қабылданды. Бірінші бағдарлама бойынша бүгінгі күнге Ақсу, Алакөл аудандары мен Талдықорған қаласындағы 3 бордақылау алаңы жалпы сомасы 1,5 млрд. көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Ал екінші бағдарлама бойынша қаржыландыру көктемде басталады. Жалпы, бүгінгі күнге 29,2 мың ірі қара басқа арналған 72 бордақылау алаңы бар. Сонымен қатар «NAT AGRO» ЖШС өз қаражаты есебінен 1,5 млрд. теңгеге 2 мың бас ірі қара мал бордақылау алаңының құрылысын аяқтады. Онда жылына 1 500 тонна ет өндіру жоспарда., — деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Мұрат Тілеубаев.

Жалпы өткен жылмен салыстырғанда 2026 жылы мал шаруашылығы саласын субсидиялау көлемі 2 есе ұлғайтылды.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотографтар: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков (архив)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз