Қол гигиенасы неге соншалықты маңызды?

3

Өйткені қолдар – жұқпалы аурулар қоздырғыштардың берілуінің негізгі факторы болып табылады.

Мысалы, адам алақанымен бетін жауып түшкіреді немесе жөтеледі, содан кейін ол қолымен есік тұтқасынан немесе көліктегі тұтқаны ұстайды, кейін тура сол тұтқаны сізді ұстайсыз. Вирустар мен бактериялардың бәрі сіздің қолыңызда қалады. Бұл жағдайдың өзі қорқынышты емес. Мәселен, біз бейсаналы түрде бетімізді қолымызбен ұстаймыз, зерттеуге сәйкес, орташа есеппен сағатына 23 рет, яғни күніне жүздеген рет ұстайды екенбіз. Әрбір осындай жанасу арқылы ағзаға ауыздың, мұрынның және көздің шырышты қабаттары арқылы инфекцияның кіру қаупі бар. Егер сіз қолыңызды үнемі жусаңыз, қауіп айтарлықтай төмендейді.

Зерттеулер көрсеткендей, көптеген инфекциялар, соның ішінде тұмау, суық тию, диарея және басқа тыныс алу және асқазан-ішек аурулары ластанған қолдар сияқты байланыс жолдары арқылы беріледі. Вирустар мен бактерияларды бетінен бетке немесе адамдармен физикалық байланыс арқылы оңай тасымалдауға болады. Бұл жерде қол гигиенасы бірінші және маңызды тосқауылға айналады.

Қол гигиенасы талаптарын сақтау – жұқпалы аурулардан қорғаудың ең қарапайым және қол жетімді, бірақ өте тиімді шарасы. Алайда, бұл процедура әрдайым толық орындалмайды. Тіпті медицина қызметкерлері арасында да орындалмай жатады. Бұл «лас қолдар» ұғымын тудырады, яғни, медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету кезінде дамитын 50-80% инфекциялық асқынуларға алып келеді. COVID-19 пандемиясы микробтардың таралуын тоқтатудың және денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірі – қолды сабынмен және сумен жуудың ең оңай әдістерінің бірі екенін еске салды.

Антисептиктер, майлықтар, гельдер және құрамында спирті бар басқа дезинфекциялық заттар пайдалы болуы мүмкін, бірақ қарапайым сабынмен ештеңені салыстыруға болмайды. Сабын мен судың үйлесімі жұқпалы ауруларға, соның ішінде коронавирусқа қарсы ең күшті қарудың бірі болып қала береді. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қолды жуу мүмкін болмаса, антисептикті сабынға балама ретінде ғана қолдануды ұсынады.

Ең бастысы – қолды дұрыс жуу: оны кем дегенде 20 секунд жуу ұсынылады. Алақанның сыртына, сондай-ақ саусақтардың арасындағы теріге назар аудару керек. Тырнақтарды да ұмытпаңыз – олардың астында үнемі кір, тамақ қалдықтары және патологиялық микроорганизмдердің көбеюіне тамаша жағдай жасайтын басқа заттар жиналады.

Қолды тамақ пісірер алдында және дастархан дайындамас бұрын, тамақтанар алдында, көшеден келгенде немесе қоқыс шығарғанда, қоғамдық орындардан үйге оралғанда немесе қоғамдық көлікте жүргеннен кейін, дәретханаға барғаннан кейін, жараны емдеуден бұрын және кейін, үй жануарларымен ойнағаннан кейін және т. б. жуу керек. Бұл диарея ауруының деңгейін 40 пайыздан астам, ал тыныс жолдарының инфекциясын 25 пайызға дейін төмендетеді.

Қолыңызды тазалықта ұстап, деніңіз сау болсын! Есіңізде болсын, қолдың тазалығы – бұл сіздің және айналаңыздағылардың денсаулығының кепілі!

Асхат Чарапиев, Жетісу облысы СЭБД басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз