ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің офицерлері жоғары әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді тарту және зерделеу мақсатында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Іс-шаралар Алматы облысының Қонаев қаласында, сондай-ақ Шеңгелді, Кербұлақ және Сарбұлақ елді мекендерінде өтті. Кездесулер барысында офицерлер оқушылар мен жастарға әскери жоғары оқу орындарының артықшылықтарын, қабылдау талаптарын, әскери қызметтің маңызын түсіндіріп, кәсіби бағдар берді.
Бұл жұмыстар болашақ шекара қызметінің кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























