ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Қорғас шекаралық бақылау басқармасының Оқу орталығының жеке құрамы Жаркент қаласындағы бірқатар мәдени нысандарға экскурсия жасады.
Сапар барысында әскери қызметшілер ХІХ ғасырда салынған тарихи Жаркент мешітіне, «Жаркент-Арасан» шипажайына, киелі Әулие ағашына және Ә. Қастеев атындағы мұражайға барды. Экскурсияның мақсаты – жеке құрамның мәдени танымын кеңейту, рухани байлығын арттыру және өңірдің тарихи-мәдени мұрасымен таныстыру болды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























