Жәрмеңкеде жастарға 100-ге жуық бос орын ұсынылды

1674

Халықаралық  Жастар  күніне орай ЖОО мен колледж түлектерінің және NEET санатындағы жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу мақсатында «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті.

Мақсаты — NEET санатындағы жастар және түлектер қатарынан жұмыс іздеушілерге, жас мамандарға лайықты бос жұмыс орнын табу. Жәрмеңке жұмыс берушіге де үміткерлер арасынан білікті маман таңдауға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Шарада 30 мекеме 100-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Әр сала мамандары Enbek.kz сайтына тіркелу, мемлекеттік қызметке орналасу жайында кеңес беріп, кәсіптік техникалық білім беру ұйымдары кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, оқу орындарының түлектері үшін жастар практикасына қатысу туралы ақпарат алу мүмкіндігі ұсынылды. Жәрмеңкеге келушілер алдын ала әңгімелесуден өтіп, жұмыс берушілерге өз түйіндемелерін қалдырды.  Жалпы 200-ге жуық  жас тегін кеңес алып, 19 адам жұмысқа орналасты. Шара  концерттік бағдарламаға ұласты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз