✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда Woosong университетінің әлемдік білім беру талаптарына сай келетін филиалын ашқаны үшін Ким Сонг Кёнгке ризашылығын білдірді.
✔️Президент филиалдың ашылуы білім беру ғана емес, Қазақстан мен Оңтүстік Корея халықтарын мәдени жақындастыру тұрғысынан ерекше мәнге ие жоба екенін атап өтті.
✔️Ким Сонг Кёнг Азияға, сондай-ақ әлемге белгілі білім және ғылым үздіктерінің бірі саналатын Woosong University Қазақстанның зияткерлік әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін жеткізді.
✔️Әңгімелесу барысында адам капиталын дамыту, білім беру сапасын арттыру, ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект салаларында біліктілігі жоғары инженерлер, сұранысқа ие мамандар даярлау мәселелері талқыланды.





























