Менингококк инфекциясы

164

Менингококк инфекциясы – бактериядан туындайтын жіті инфекциялық ауру, симптомсыз тасымалдаушы, назофарингит, менингит және менингококкты сепсис түрінде өтеді. Маусымдылық кезеңі қыс және көктем мезгілдеріне келеді.

Менингококк инфекциясы 2024 жылы  тіркелеген жоқ. 2023 жылы – 1 жағдай. Инфекция өршуіне циклділік тән – әлемде 10-12 жыл, ҚР-да 3-5,6 жыл.

Инфекция көзі – ауру адам және «дені сау тасымалдаушы».

Инфекцияның таралу жолы – ауа тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде). Науқаспен немесе тасымалдаушымен ұзақ және тығыз қарым-қатынас кезінде жұғады.

Инфекция жұқтырғаннан бастап ауру басталғанға дейін 1-10 күнге дейін созылады. Науқас айналасындағы адамдар үшін аурудың алғашқы күндерінен бастап жұқпалы болады.

Көбінесе иммундық жүйесі қалыптаспағандықтан 5 жастан кіші жастағы балалар ауырады, сондай-ақ, жасөспірімдер мен жас адамдар ауырады, себебі бұл жас көптеген қауіп факторларының жиынтығымен ерекшеленеді – бұл адамдардың көп жиналған жерде жүру, темекі шегу, сусындар бір ыдыстан  ішу және т. б.

Менингит үшін аурудың кенеттен басталуы тән:

  • кенеттен қатты бас ауруы, құсу;
  • 6-15 сағаттан кейін бөртпе пайда болады;
  • дене қызуының 39-40°С дейін көтерілуі;
  • қалтырау, тері бозаруы, жалпы әлсіздік;
  • арқада және аяқ-қолда ауырсыну, шөлдеу, тәбетінің төмендеуі.

Аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігерге қаралу және оның ұсыныстарын орындау қажет.

Ауру тұмау, тамақ ауруы, мұрынның бітелуі, тонзилит және т.б. сияқты салыстырмалы түрде «зиянсыз» ауруға ұқсап жеңіл түрде өтуі мүмкін, сондықтан өте қауіпті.

Алдын алу:

  • әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысуды, жүзу бассейндеріне, сауда-ойын сауық орындардағы ойын алаңдарына баруды шектеу, жеке гигиенаны сақтау қажет;
  • үй-жайды жиі желдету, ұйымдастырылған ұжымдарда күнделікті ылғылды тазалау жұмыстарын жүргізу керек;
  • суық тию белгілері бар (жөтелу, мұрынның бітелуі, түшкіру) адамдармен қарым-қатынасты болдырмау;
  • қайнаған немесе бөтелкедегі суды тұтыну қажет;
  • суық тию, ашығу, ұйықтамау, күйзелісті болдырмау;
  • созылмалы инфекция ошақтарын санациялау, ЛОР-ға тұрақты түрде және мүмкіндігінше профилактикалық мақсатта бару керек.

Ауруды емдеуден гөрі алдын-алу оңай екенін есте ұстаған жөн!

 

Асхат Чарапиев, Жетісу облысы СЭБД басшысы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз