Елдің орнықты дамуына тың жол ашады

437

Жақында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» маңызды Заңға қол қойды. Бұл әрине қарапайым халықтың төл мүддесі мен ел экономикасын қорғап, кезінде тістегеннің аузында, ұстағанның қолында және заңсыз шетел асып кеткен байлықтарды қайтаруға мол мүмкіндік береді.

Жасырары жоқ еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі 30 жыл ішінде қазына қоржынына қол салып, алшаң басып кеткендер аз болған жоқ. Олардың біразы заңды жауапкершілікке тартылғанымен басым көпшілігі әлі шетелдерде бас сауғалап жүр. Олардың мемлекетке келтірген зияны аз емес. Сондықтан да қазіргі Мемлекет басшысының тапсырмасына сай жаңарудың жаңа қадамдары жасалып, ел үлкен өзгерістермен жаңаша дамуға бет бұрғанын айқын аңғаруға болады. Атап айтсақ, бүгінгі «Әділетті Қазақстан» бағытында қолға алынып жатқан жұмыстар елдің ертеңі мен ұлт болашағы үшін істеліп жатқан ірі істердің көрінісі. Қорытып айтқанда еліміздегі жаңадан қабылданған заң сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шауып, елдің мәдениетті, орнықты  дамуына тың жол ашады.

                                                                                             Ержан Данабеков,

Жетісу облысы

 «Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесінің» және

 «Жауынгерлік бауырластық»

 қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз