2025 жылғы 20 қыркүйекте жаһандық «World Clean Up Day» экологиялық акциясы аясында республика аумағында жалпыреспубликалық сенбілік өтеді. Сенбілік қоғамдық орындарды, саябақтарды, жағалау аймақтарын, орман алқаптары мен басқа да аумақтарды тұрмыстық және өзге де қоқыстардан тазартуға бағытталған.
Акцияның мақсаты — қоршаған ортаны тазартумен қатар, азаматтардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілік деңгейін арттыру, табиғаттың ластану мәселесіне назар аудару және оны қорғаудың маңыздылығын насихаттау.
Баршаңызды сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы





























