Жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру

147

Жетісу облыстық полиция департаментінде оқушылар мен студенттерге арнап таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Шараға Талдықорған қаласындағы №27, №30 мектептің оқушылары мен индустриялық колледждің білім алушылары қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі криминалистиканың рөлін кеңінен түсіндіру, заманауи тергеу әдістерімен таныстыру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен осы бағыттағы сауаттылығын арттыру және болашақ құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби бағдарын қалыптастыру. Жиынға Жетісу облысы ПД Жедел-криминалистика басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Александр  Ишков, Жедел-криминалистика басқармасының бас криминалисі полиция майоры Маржан Искакова, Талдықорған қаласының ПБ Жедел-криминалистика бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Тимур Көбегенов, Жедел-криминалистика басқармасы бөлім бастығы полиция подполковнигі Тимур Вайц арнайы қатысып, бірқатар өзекті тақырыптарға тоқталды. Экскурсия барысында қатысушылар криминалистикалық зертхананың жұмысымен, заманауи құрал-жабдықтарымен, дәлелдемелерді жинау және сараптау әдістерімен жан-жақты танысты. Сонымен қатар жасөспірімдерге құқық қорғау органдарындағы қызметтің ерекшеліктері мен талаптары жөнінде мағлұмат беріліп, қылмыстың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар да түсіндірілді. Әдеп-құқық жұмысы жөніндегі ментор Бахтияр Жақсыгелдинов «Қоғам қауіпсіздігін сақтауда бұл  мамандардың рөлі өте зор. Біз жастарға осы бағыттың маңызын түсіндіріп, олардың болашақ мамандық таңдауына бағыт-бағдар беруді көздейміз. Осындай таныстыру экскурсиялары жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін көтеріп қана қоймай, олардың бойында Отанға, заңға және адалдыққа деген құрметті қалыптастырады. Жастар үшін бұл кездесу кәсіби бағдар берумен қатар, олардың бойында өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз», – деп атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз