Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды. Балаева осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Аида Ғалымқызы 1974 жылы дүниеге келген. Тұрмыс құрған, 3 баласы бар. Білімі жоғары. Еңбек жолын 1999 жылы Алматыдан бастаған. Әр жылдары Алматы қаласының Ішкі саясат депратаментінде маман, басшының міндетін атқарушы, Астана қаласының Ішкі саясат басқармасында басшы, Астана қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінде Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK