Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына кезекті Жолдауы — еліміздің даму бағытын айқындап берді. Республика жұртшылығымен бірге ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы да Президентіміз тікелей эфирден берген жоспарлы Жолдауын ұйып тыңдады.
Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі, саяси жүйенің жаңғыруы, ұлттық қауіпсіздік пен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды міндеттер қойылды. Бұл – болашақтың берік тірегіне айналатын өскелең ұрпақты патриотизмдік рухқа тәрбиелеуде таптырмайтын күш. Себебі, шекарашылар сапына алынып, Отан алдындағы борышын ел шебінде атқарып жүрген жас сарбаздарды елжандылық рухқа тәрбиелеуде қажетті құрал.
Мемлекет басшысы ең алдымен цифрландыруға, жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударды. Бұл – Қазақстанды алдағы үш жыл ішінде толыққанды цифрлық мемлекетке айналдыруға жасалған маңызды қадам. Сонымен бірге өнеркәсіптік-инновациялық даму, өңдеу саласын ілгерілету үшін жаңа жоғары технологиялық кәсіпорындар ашу міндеті қойылды.
Қазіргі таңда Шекара қызметі барлық жағынан толайым жанарған. Техника, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар, заманауи кешендер. Жас патриоттарымыздың болашақта әскери мамандықты таңдауына осының өзі-ақ жеткілікті.
Қорыта айтқанда, Президентіміз — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кезекті Жолдауы еліміздің уақыт талабына сай дамуына жол ашып қана қоймай, әрбір қазақстандықтың болашағына деген сеніміне тың серпін береді.
Р.Сетвалдиев,
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы
бойынша департаменті бастығының орынбасары полковник





























