Жетісу облысының Кәсіпкерлер палатасы облыс орталығындағы бұқаралық ақпарат саласының қызметкерлерін арнайы шақырып құттықтады. Облысымыздың Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Д.Оңалбаев салтанатты өз құттықтауымен ашты.
«Құрметті журналистер қауымы!
Сіздерді бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен құттықтаймын! Өңірлік бизнестің жетістіктері мен өзекті мәселелері туралы жұртшылықты БАҚ-та белсенді көтеріп жүргендеріңіз үшін алғыс білдіргім келеді. Сіздердің ерен еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық. Сіздерге кәсіпкерлер қауымының атынан шығармашылық табыс, жаңа қызықты идеялар, кәсіби жетістіктер тілейміз»,- деген Дәурен Оналбаев облыс бойынша атқарылып жатқан істерге де тоқталды.
Өңірлік кәсіпкерлер палатасының атқарған жұмыстары туралы қысқаша тоқтала кетейік. Кәсіпкерлер палатасының мақсаты – кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау және бизнес пен билік арасында тиімді әріптестік орнату. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен, оның ішінде құқық қорғау жүйесімен кездесулер тұрақты негізде ұйымдастырылады. Мысалы, осы айдың басында кәсіпкерлердің облыс прокурорымен кездесуі өткен. Әрдайым, бизнестің мәселелері мен ұсыныстары назарға алынып, одан әрі уәкілетті органдармен бірлесе қарастырылады. Кәсіпкерлер палатасы мен облыс прокуратурасының өзара ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойылған.
Сондай-ақ, Кәсіпкерлер палатасының трансформациясы аясында, жыл басынан бастап жеті салалық кеңес құрылды.
Оларды атап өтсек. Өңдеу өнеркәсібі; Агроөнеркәсіптік кешен;Құрылыс;Көлік және логистика, Туризм;Жеке білім беру; Сауда салалық кеңестері жұмыс жасауда.
Казіргі уақытта, аталған кеңестердің 25 отырысы өтіп, 50 – ден астам сұрақтар мен ұсыныстар қаралды. Кеңестердің жұмысына 300-ден астам кәсіпкерлер тартылды. Кеңес мүшелерінің саны шектелмеген, сондықтан оған кез келген кәсіпкер өз саласы бойынша кіре алады.
Маңызды бағыттардың бірі кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсету, оны кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы атқарады.Бүгінде 6 мыңнан астам кәсіпкерлер 13 мыңнан астам сервистік қызметтер мен консультациялар алды. 551 бизнес-жоба әзірленді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытына келетін болсақ, облыс бөлінгеннен бастап 158 өтініш келіп түсті, оның 96-сы оң шешімін тапты.
Мұнан кейін Дәурен Барлыбекұлы арнайы шақырылған ақпарат саласы өкілдеріне Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.