Достық – әрбір адамның әлеуметтік ортада бейімделуіне, тұлға ретінде қалыптасуына және өмірлік құндылықтарын тануына ықпал ететін маңызды қарым-қатынас түрі. Адам баласы жаратылысы бойынша қоғамда өмір сүреді, ал достық – сол қоғамда рухани байланыс орнатудың ең жоғары формасы.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы достық ерекше рөл атқарады. Бұл кезеңде тұлға өзін танып, айналасындағы адамдарға деген көзқарасын қалыптастырады. Жақсы дос баланың бойында сенімділік, жауапкершілік, жанашырлық, шыдамдылық сияқты адами қасиеттерді дамытады. Ал керісінше, жалған немесе теріс ықпалды достық жеке тұлғаның дамуына кедергі келтіруі мүмкін.
Достықты сақтау – бұл тек эмоциялық байланыс емес, бұл – еңбек пен тәрбиенің, өзара құрмет пен келісімнің нәтижесі. Жас ұрпақты нағыз достықтың мәнін түсіне білуге, адал қарым-қатынас орната білуге тәрбиелеу – ата-ана мен ұстаздардың басты міндеттерінің бірі.
Қазіргі таңда қоғамда жалғыздық мәселесі жиілеп барады. Мұның басты себебі – шынайы достықтың тапшылығы. Сол себепті бала жастан бастап адамдар арасында сенімді, шынайы, рухани байланыс орнатуды үйрету аса маңызды.
Қорытындылай келе, достық – адамның тек қас-қағым сәттерде ғана емес, бүкіл өмір бойы қажет ететін тірегі. Дос табу – бақ, ал сол достықты сақтай білу – даналық пен адамгершілік белгісі.
Самал Орынбекова
#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK #абай180жыл





























