Қоғамдағы адамдар арасындағы байланыстар жүйесі өте күрделі. Соның ішінде достық – ең сенімді әрі тұрақты әлеуметтік қарым-қатынас формасы ретінде ерекше маңызға ие. Әлеуметтану ғылымында достық адам капиталының маңызды элементі ретінде қарастырылады. Себебі достық тек эмоциялық қолдау көзі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік ресурстар мен мүмкіндіктерге жол ашатын фактор.
Достықтың тұрақты болуы адамдар арасындағы өзара сенім мен жауапкершілікке негізделеді. Достар арасында орнайтын бейформал қарым-қатынас көп жағдайда ресми жүйелерден де тиімді жұмыс істейді. Мысалы, жұмысқа орналасу, жаңа ортаға бейімделу немесе өмірлік қиын сәттерде шешім қабылдау барысында дос-жаранның көмегі өте маңызды рөл атқарады.
Цифрлық технологиялар дәуірінде адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынас әлсіреп бара жатқанын байқаймыз. Әлеуметтік желілер достықты жеңіл әрі қолжетімді еткенмен, оның тереңдігі мен сенімділігі кейде әлсірейді. Сондықтан қоғамда шынайы, ұзақмерзімді достық қарым-қатынастарды қалыптастыру – әлеуметтік тұрақтылықтың бір көрсеткіші.
Қорытындылай келе, достық – адамның қоғаммен байланысын нығайтатын, оны рухани және әлеуметтік тұрғыдан байытатын басты құндылықтардың бірі. Нағыз достық – материалдық емес, адамдық капитал. Сондықтан оны қалыптастырып, сақтау – әрбір саналы азаматтың парызы.
Алтын Жамбылқызы
#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace #ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years #АНК #ANK #абай180жыл





























