Балалар туындысына арналған байқау

262

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде әскери қызметшілердің балалары арасында Ұлы Жеңіске арналған «Менің есімде, мен мақтан тұтамын!» тақырыбында сурет байқауы өтті.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен тарихи жадыны қалыптастыру, сондай-ақ Ұлы Жеңіске үлес қосқан батыр бабаларымыздың ерлігін ұлықтау болды. Байқауға қатысқан балалар соғыс тақырыбын терең сезініп, қылқалам арқылы жүректеріндегі алғыс пен құрметті жеткізе білді.
Нәтижесінде үздік деп танылған шығармалар республикалық кезеңге қатысу үшін Астана қаласына жолданды. Аталған байқау – өскелең ұрпақтың рухани дамуына, патриоттық тәрбиесіне зор үлес қосатын игі бастама.

                                 ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз