Тарихқа тағзым – аға ұрпаққа құрмет

292

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Инженерлік-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жеке құрамы Жаркент қаласында тұратын тыл ардагері Зейнелхан Оспанованың үйіне арнайы барып, хал-жағдайын сұрап, құрмет көрсетті.
Шекарашылар ардагерге сыйлықтар табыстап, оның ел үшін сіңірген еңбегіне алғыс білдірді. Ардагер апамыз қиын-қыстау жылдардағы естеліктерімен бөлісіп, жас буынға ақ батасын берді. Бұл кездесу – аға ұрпаққа көрсетілген құрмет пен тағзымның жарқын үлгісі болды.

                                     ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз