Мемлекет басшысының бекітуімен тұңғыш рет елімізде 23 сәуір- Ұлттық кітап күні болып белгіленіп, кітапханаларда түрлі шаралар өтуде. Осыған орай Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында «Ұлттық кітап күні» фестивалі аясында «Кітап -миға керек азық» атты әдеби дастархан ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты — халқымыздың асыл мұрасын, салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарымыз бен әдебиетіміздің арасындағы тығыз байланысты дәріптеу болып табылады.
Шараға №21 мектептің 6 «а» сынып оқушылары, ұстаздары қатысты. Аталмыш шара барысында жастарға қазақтың ұлттық тағамдары, салт-дәстүрлері жөнінде айтылды. Шарада балалар әдебиетін, ұлттық тағаммен байланыстыру- ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық құндылықтарды насихаттауға және мәдени мұраны сақтауға үлкен септігін тигізеді деп есептейміз.Ұлттық тағамдарды ертегілер мен шағын хикаялардың мазмұнына енгізу арқылы балаларға тағамның тарихын, жасалу жолын, маңызын қызықты түрде, викториналық сұрақ-жауап арқылы жеткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп мақал-мәтелдерден ребус шешіп, өлеңдер оқып жарысты. Белсене қатысқан топ Алғыс хатпен марапатталып, балаларға «Бауырсақ пати» ұйымдастырылды.
Г.Сейлханова, кітапханашы





























