«Бақытты отбасы» — өтінімдер қабылдануда

115
Фото авторы А.Нұршанов

Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс сапасын жақсартуға мән бере отырып, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында «Халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы — Тәуелсіз еліміздің мәңгілік мұраты.  «7-20-25», «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың басты мақсаты – халқымыздың тұрмыс сапасын жақсарту»-деп атап өткен болатын.

Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде «Қазақстандық отбасыларды қолдау бағытындағы кешенді шаралар отбасылардың лайықты әл-ауқаттылық деңгейін жасауды көздейді. Бұл үшін біз: Үкіметпен және әкімдермен бірге аз қамтылған көпбалалы отбасыларға көмек көрсетудің әртүрлі тетіктері енгізілетін «Бақытты отбасы» партиялық жобасына бастамашылық жасап, іске асыратын боламыз. Ата-аналарды қаржылық қолдау деңгейін арттырамыз, көпбалалы отбасыларды қолдауды күшейтеміз, тұрғын үй мәселесін шешудің нақты тетіктерін енгіземіз», – деді. «Бақытты отбасы» – табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасының бір бағыты.  Бағдарламаға көпбалалы, толық емес, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар және әкімдікте баспанаға мұқтаж тұлға ретінде кезекте тұрғандар ниет білдіре алады. Алғашқы  жарна пәтер құнының 10 %  құрайды, несие 2 пайыздық мөлшерлемемен  20 жылға беріледі. Аталмыш санаттағылар бастапқы жарнаны төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда әкімшілік тарапынан 1 млн. теңге көлемінде тұрғын үй сертификатын алу мүмкіндігі бар. Ол үшін атқарушы органнан анықтама алып, осы санатқа жататынын дәлелдеуі керек.   Ең басты қойылар талап – «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшысы болуы қажет.

Дереккөз

                        Бағдарлама бойынша үйді қалай алуға болады?

  1. Әкімдікте кезекте тұру.
    Ол үшін Сізге әкімдікке барып, кезекке тұрып, отбасы мәртебесін (көпбалалы отбасы, толық емес отбасы немесе мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы) растайтын құжат алу керек.
  2. Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шарт бекіту.
    Келісім-шартты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлімшесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегімен бекітуге болады. Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз (қоңырау шалу тегін). Келісім-шарт бекіту үшін жеке куәлік жеткілікті.
  3. Төлем қабілеттілігін бағалаудан өту.
    Ол үшін Сізге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне келесі құжаттарды тапсыру керек:

-отбасыңыздың мәртебесін растайтын әкімдік берген құжат;

-кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жеке куәліктері және балалардың туу туралы куәліктері;

-неке қию немесе неке бұзу туралы куәлік;

-соңғы 6 ай ішіндегі табыстарды растайтын құжаттар, оның ішінде ерінің немесе әйелінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосалқы заемшының атына берілген құжаттар.

  1. Тұрғын үй таңдау.
    Бұл кезеңде Сізге тұрғын үй іздеп, таңдап, кез келген бағалау ұйымы арқылы таңдалған баспананы бағалап, сатушыдан тұрғын үйдің құқық белгілеуші құжаттарының көшірмелерін алу қажет.

Назар аударыңыз: жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін және құқық белгілеуші құжаттарды төлем қабілеттіліктен өткендігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш айдан аспайтын уақыт ішінде тапсыру керек.

  1. Заем ресімдеуге мақұлдау алу (мақұлдау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды).
    Ол үшін Сізге жылжымайтын мүліктің бағалау нәтижелерін, құқық белгілеуші құжаттардың көшірмелерін алып, банк бөлімшесіне келіп, заем ресімдеуге және Сіз таңдаған үйдің кепілі бойынша мақұлдау алу керек.
  1. Бастапқы жарнаны аудару.

Ең төменгі бастапқы жарна заем сомасының 10%-на тең. Ақшаны банк бөлімшелері, интернет-банкинг, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің төлем терминалдары немесе банктің серіктес ұйымдарының интернет-банкингі мен төлем терминалдары арқылы аударуға болады.

  1. Сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекіту.
    Мақұлдау алған соң Сізге нотариуста сатушымен сатып алу-сату келісім-шартын бекітіп, жұбайыңыздың кепілге рұқсатын (қажет болған жағдайда) алып, Банкке өткізу керек.
  1. Заем алу.
    Банктік заем келісімшартын жасау және кепілді Халыққа қызмет көрсету орталығында немесе нотариуста тіркеу керек. Осыдан соң заем беріледі.

                                       Табыс қандай болуы керек?

Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін табыстың бір айлық көлемі ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) артық болмауы керек (2019 жылы ЕТЖ 42 500 теңгеге тең).

                                    Кіріс ретінде не ескеріледі?

Сіз негізгі кіріс көзі болған жағдайда несие ала аласыз. Негізгі кіріске еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс жатады. Егер сіздің негізгі кірісіңіз жеткіліксіз болса, онда сіз қосымша табысты қосып есептей аласыз.

Негізгі кіріске жататындар: Айлық жалақы , жеке кәсіпкерліктен түсетін кіріс, өтеулі қызмет көрсету шарты бойынша түсетін табыс, тұрғын үй төлемдері, оқу орындарында білім алатын ұйым қызметкерлерінің шәкіртақысы.

Қосымша кіріске жататындар: Зейнетақы және зейнетақы аударымдары
(негізгі кіріс болған жағдайда), экологиялық төлемдер.

Дереккөз

P.S. Қазіргі таңда халықты меншікті баспанамен қамтамасыз етуде облысымызда бірқатар шаралар  атқарылуда. Елбасының бастамасымен қолға алынған «7-20-25», «Нұрлы жер» бағдарламалары арқылы мыңдаған жетісулық баспаналы болды. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» әлеуметтік-тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету назардан тыс қалмақ емес. Облыс бойынша көпбалалы аналарға кәсіпкерлер тарапынан  бірқатар пәтер және жеке тұрғын үйлер  берілді. Сонымен қатар 100 жеке үй, 125 пәтерлі қос көп қабатты үйлердің құрылысы аяқталып, жуырда қолданысқа берілмек. Жалпы, 2025 жылға дейін бес мыңға жуық көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK